Жамбыл облысында мектеп оқушысы қайтыс болды
            
            Жаңалықтар
            
                 690
                690
            
        
        Фото интернеттен
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектепте қайғылы оқиға болып, 8-сынып оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды janabastau.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды, - деп жазылған полиция хабарламасында.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)