«Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа өмір бастағанын мәлімдеді
Сурет: Ашық дереккөзден
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасымен оқырмандарын елең еткізді. «Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір» деген жазбамен бөліскен видеосы желіде түрлі пікірге ұласты, деп хабарлайды janabastau.kz.
Көпшілік бұл сөздердің астарында жеке өміріне қатысты үлкен жаңалық бар ма? деген сұраққа жауап іздеп жатыр.
Актриса өзі баспаналы болғанын айтып, соңғы бір жылда өткерген ауыр сәттерімен бөлісті. Ол ішкі күйзелісін, сатқындық пен сынақты, ауыр кезеңдердегі үнсіз күресін ашық мойындап, соған куә болған оқырмандарына алғыс айтты.

«Жақынымнан көрген опасыздыққа, басыма келген сынаққа сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, күл-талқан боп қираған жерімнен қайта тұрғаныма – сіздер куә болдыңыздар», – дейді Жұлдыз шынайы үнмен.
Ол өз сөзінде "жаңа өмір" бастауына жанкүйерлердің тілеулестігі себеп болғанын ерекше атап өткен.

«Тілектеріңіз өздеріңізге, ұрпақтарыңызға еселеніп бұйырсын», – деп түйіндеді актриса.
Бейнежазбадағы «жаңа адам» тіркесі көпшіліктің назарын аударып, Жұлдыздың өмірінде жаңа махаббат пайда болды ма? деген сауалдарды туындатты. Әзірге актриса бұл жайында "жаңа адаммен жаңа үйде жаңамөмір",-деп қысқа қайырды.
Пікірлер (0)