Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі – Айдын Төребаев

Жаңалықтар
view 30
news

Фотосурет: дереккөз

Ақмола облысы мәслихатының депутаты Айдын Төребаев Жаңа Конституцияның ел дамуы үшін маңызын атап өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Жаңа Конституция мемлекеттің саяси жүйесін жаңғыртуға, қоғамдық келісімді нығайтуға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық құжат.

«Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттің демократиялық даму бағытын институционалдық тұрғыда бекіту. Бұл өзгерістер суперпрезиденттік модельден ықпалды Парламенті бар саяси жүйеге кезең-кезеңімен көшуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде заң шығару органының рөлі артып, Үкіметтің есептілігі күшейеді», – деді депутат.

Сонымен қатар Айдын Төребаев азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жүйесінің жаңаша деңгейге көтерілетінін атап өтті.

«Конституциялық бақылау институттарының күшеюі, құқық қорғау механизмдерінің нақтылануы – құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі. Ал қоғамдық қатынастарды реттеуде ашықтық, әділдік және қатысушылық қағидаттарының басым болуы азаматтық қоғамның дамуына серпін береді», – деді ол.

Депутаттың пікірінше, тіл, мәдениет және тарихи сабақтастық мәселелерінің Конституциялық деңгейде айқындалуы ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етіп, барлық этностардың құқықтарын тең сақтауға мүмкіндік береді.

«Жаңа Конституция – саяси модернизацияның құқықтық негізі. Ол мемлекетті басқару тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың билікке деген сенімін күшейтеді. Сондықтан бұл реформаларды қолдау – елдің тұрақты әрі эволюциялық дамуына жасалған жауапты қадам», – деп түйіндеді Айдын Төребаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *