Жанабыловтар рақымшылыққа ілікпейді – ІІМ

Жаңалықтар
view 32
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Белгілі блогер Жанабыловтар отбасына қатысты рақымшылық шаралары қолданылмайды. Бұл туралы ресми өкіл Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, аталған тұлғалар рақымшылыққа ілікпейді. Сондықтан оларға қатысты қылмыстық жауаптылықтан босату да, тағайындалған жаза мерзімін қысқарту да қарастырылмаған.

«Олар рақымшылыққа ілікпейді. Оларға қатысты қылмыстық жауаптылықтан босату да, жаза мерзімін қысқарту да қолданылмайды», – деді Санжар Әділов. 

Журналистердің бұл бап не себепті рақымшылық тізіміне енгізілмегені туралы сауалына жауап берген ол заңнамада мұндай мүмкіндік қарастырылмағанын айтты.

Аталған нормаға рақымшылықтың қолданылуы қарастырылмаған, – деп түсіндірді ресми өкіл.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *