Жаңбыр адам экология министрлігіне ескерту жасады
Жаңалықтар
607
Сурет: Ашық дереккөзден
«Жаңбыр адам» - Алтай Айнабеков жаңбыр тоқтамайтынын айтып, Экология министрлігі мен Қазгидрометке ескерту жасаған, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ол жауын-шашын үдей берсе, диқаншыларға зияны тиетінін жазды.
“Экология министірі мен Қазгидромет өз райынан қайтпаса, биыл жауын тоқтамайды. Диқандардың биылғы еңбектері мен табысы сол кісілердің ұятында болсын енді! Жоғарыдағы лауазым иелері, үнсіз отыра берсеңіздер, жұмыстарды жасай беруге мәжбүр боламыз! Ресми хат жолдадық, қашанға дейін жұмыс жасайық? Жауын-шашын үдей береді, зиян болмасын!”, - деп жазды Алтай.
Пікірлер (0)