“Жасыл желектің түгін қалдырмай жайпап жатыр”: Семейде қызыл қоңыз қаптады

Жаңалықтар
view 274
news

Сурет: интернеттен

Семей тұрғындары бау-бақшадағы жасыл желектің түгін қалдырмай жайпап жатқан қызыл қоңызбен қалай күресерін білмей шарасыз отыр. Ал шенеуніктер қала тұрғындарына еш көмек бере алмайтынын айтқан, деп хабарлайды Janabastau.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна ақпаратынша, Семейде қызыл қоңыз қаптады. Зиянкес жәндіктер қаланың шеткері аудандарындағы тұрғындардың бау-бақшасын жайпап жатыр. Амалы таусылған жұрт жергілікті биліктен көмек сұрап отыр.

 "Мынадан өнім де алмаймыз. Мынау сұмдық қой. Мына түрімен бақшадан ешқандай дақыл алмаймыз. Бұрын мұндай қоңызды көрген жоқпын. Колорад қоңыздары болатын, картопқа ғана қонатын. Ал мынау бәрін жайпап келеді. Қарақат, құлпынай бәрінің жапырақтарын жеп жатыр. Жапырағын жегеннен кейін өнім болмайды ғой", - дейді Холодный ключ ауданының тұрғыны Фазила Айтақынқызы.

Жәндіктер көкөніс түрін талғамайтын көрінеді. Бақшадағы барлық өсімдікті тоқтаусыз жей береді. Тұрғындар зиянкестермен өз бетінше күресіп бағуда. Бірақ дезинсекция жүргізілмеген соң нәтиже көрінбейді.

"Картопты отырғызар алдында көк шөп болып тұрған. Қаптап кетті. Сосын ол жерді қазып тастадым, олар қақпаның сыртына шығып алды. Қалай күресерімізді білмейміз. Қазір енді гүлдей бастайды. Ол кезде дәрілеуге тағы болмайды. Білмейміз енді. Мамандар айтпаса қарапайым халық интернеттен іздеп те мұндай қоңызды таппадық", - дейді Холодный ключ ауданының тұрғыны.

Фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының мамандары сараптама жүргізіп, бұл "рапс жегіш қоңыздар" екенін айтқан. Олардың айтуынша, жәндіктің еш зияны жоқ, онымен кресуге бюджеттен қаржы қарастырылмаған.

"Күресу жұмыстарын өз күштерімен жүргізуі керек. Жинап ала ма қолмен. Енді улауға да болмайды. Қалада, ауылдың ішінде улау жұмыстарын жүргізуге болмайды. Сондықтан әрбір жеке тұлға өзінің огородының маңайындағы қоңыздарын, арам шөптерін өздері жинап отыруы керек. Бұл қоңыз адамға ешқандай зияны жоқ"- дейді "Фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" РММ Абай облыстық филиалының басшысы Арай Қанафина.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *