«Жасыратын ештеңе қалмады»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен үйленетін болды
Жаңалықтар
26
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағанын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Өнер иесі бұл жаңалықты Instagram желісінде бөлісіп, ұзақ уақыт бойы видеоны жариялау туралы ойланғанын жазған.
«Бұл видеоны жариялау туралы ұзақ ойландым... Бірақ енді жасыратын ештеңе қалмады», – деп жазды ол.
Сондай-ақ әнші сүйіктісіне арнап өлең жолдарын арнаған.
«Сендей сұлу болмайды екен маралым, Нұрлы бақта өскен гүл. Судан таза, сүттен аппақ адалым, Құшағыма қош келдің!» – деп жазған Жігер Ауыпбаев. Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ақ тілектерін жаудырған.
Пікірлер (0)