Жаза мерзімін шартты түрде қысқарту мүмкіндігі енгізіледі

Жаңалықтар
view 26
news

Фотосурет: pixabay

Сенат Қылмыстық кодекске бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуға қатысты жаңа бап енгізуді қолдады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Сенатор Марат Қожаев айтуынша, Қылмыстық кодекске жаңа 73-1 бап енгізіліп отыр. Ол бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту тәртібін қарастырады.

"Осы бапқа сәйкес, жазасын өтеп жатқан адам соңғы бір жыл ішінде тәртіптік жаза алмаған болса, сот шешімімен жазаның қалған мерзімі бір айға шартты түрде қысқартылуы мүмкін", – деді Қожаев Сенаттың бүгінгі отырысында.

 Айта кетері, сенат бүгін тиісті заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жібереді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *