Жазушы Әнуар Әлімжановтың туғанына 94 жыл толды

Жаңалықтар
view 318
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Жазушының алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылы жариялана бастады, деп хабарлайды janabastau.kz.

Әнуар Әлімжановтың тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының идеялық мазмұны бүгінгі күннің талап-тілегімен үндес.

«Отырар ескерткіші», «Құрманғазының жастық шағы» повестерінде орта ғасырдағы қанаушылықты, деспоттықты, зұлымдықты өткір де уытты сөздермен түйресе, халық бойындағы алып күшті, сарқылмас жігерді, өнерге, жарқын болашаққа ұмтылған өршіл талапты сүйсіне толғайды.

Ал «Жалындап тұрған найза» повесінде Африка халқының қан құйлы отаршыларға қарсы азаттық күресін шебер суреттеді.

Қаламгер Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *