«Зеленскийдің қолында ештеңе жоқ»: Трамп Украина туралы шұғыл мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 450
news

Фото: AFP

АҚШ Президенті Дональд Трамп жексенбі күні Украина Президенті Владимир Зеленскиймен өтетін кездесудің нәтижелі болатынына үміт білдірді. Алайда ол Зеленский бұған дейін ұсынған «бейбіт келісім» жөніндегі ұсыныстарды скептицизммен бағалады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жоспарға сәйкес, Зеленский жексенбі күні Флоридада Трамппен кездесіп, 20 тармақтан тұратын жаңа бейбіт жоспарды ұсынбақ. Сондай-ақ тараптар Украинаның болашақ қауіпсіздік кепілдіктерін АҚШ тарапынан қамтамасыз ету мәселесін талқылайды деп күтілуде.

Дегенмен Politico-ға берген сұхбатында Трамп Зеленскийдің соңғы ұсынысына салқынқандылық танытып, оны мақұлдауға асықпайтынын аңғартты.

Мен мақұлдамайынша, оның қолында ештеңе жоқ. Сондықтан оның не алып келгенін көрейік, – деді АҚШ Президенті.

Сонымен қатар Дональд Трамп Зеленскиймен өтетін кездесудің сәтті болатынына сенім білдірді.

Онымен (Зеленскиймен – ред.) бәрі жақсы өтеді деп ойлаймын. Путинмен де бәрі жақсы болады деп ойлаймын, – деді ол.

Трамп сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путинмен жақын арада сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтып, бұл байланыс «қалаған уақытына байланысты» болатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *