Зеленский Тоқаевқа алғыс білдірді

Редакция таңдауы
view 318
news

Қазақстан мен Украина президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Зеленский «Украинаның аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін» Тоқаевқа алғыс білдірген.  Әңгімелесу барысында тараптар бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады. Ресми мәліметтер бойынша, Тоқаев осы кезең ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды әрі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. https://twitter.com/ZelenskyyUa/status/1550764610529148931?s=20&t=STKX4r5Q_Lvb4ctknIHI5Q Сонымен қатар Қазақстан президенті БҰҰ-ның көмек көрсетуімен Украина астығын экспорттау жөніндегі Түркияда қол жеткізілген үшжақты келісімге оң баға берген. Күні кеше Стамбулда Қара теңіз арқылы Украинадан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін астық дәлізін құру туралы келісімге қол жеткізілген болатын. Рәсімге Түркия, Украина, Ресей және БҰҰ өкілдері қатысқан. Келісім бойынша Украина кемелері Қаратеңіз арқылы  астық таси алады. Ресей, тасымал уақытында атысты тоқтатса, Түркия БҰҰ-ның қолдауымен қару- жарақтың болмауын қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *