Зерендіде болашақ визит-орталығы мен креативті индустриялар хабының құрылысына капсула салынды
Фотосурет: Aqmola_region
Бүгін Зеренді ауылында ауданның 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Aqmola_region каналына сілтеме жасап.
Мерейтой аясында болашақ визит-орталығы мен креативті индустриялар хабының құрылысына капсула салынды.
Капсула салу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешев, Сенат депутаты Талғат Жүнісов және Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов қатысты. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары және жастар орталығының мүшелері атсалысты.
Жаңа жоба креативті индустриялар саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Жалпы аумағы 1379,49 ш.м болатын нысанның екі қабатты ғимараты 791,45 ш.м құрайды. Ол жастарға өзін-өзі дамыту, білім алу және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ұсынады. Нысанның негізгі бағыттары – дизайн, IT, медиа және басқа да шығармашылық салалар. Визит-орталық аудан тұрғындарының шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған іс-шаралар, көрмелер мен шеберлік сыныптарын өткізу алаңына айналады.
Биыл ауданда балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы да басталды. Бұл аудан инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды қадам болмақ. Осы және басқа да жоспарланған жобалардың жүзеге асырылуы көзделген.
Пікірлер (0)