Жаңа технология – жаңа мүмкіндіктер

Қосшы жаңалықтары
view 320
news

Қазіргі мұғалімдердің біліктілігін артыруға арналған курстардың бағдарламасы мұғалімнің оқыту үдерісіне және оның рөлі мен көзқарасының оң өзгеруіне бағытталған. Мен осы мақаламда кәсіби біліктілікті артыруға арналған курстардың артықшылғын тілге тиек ете отырып, заманауи технолгияның жаңа мүмкіндіктері жайлы жазуды мақсұт тұтып отырмын. Мен өз біліктілігімді арттыру үшін Ақмола облысы бойынша Кәсіби даму Институтына курсқа бардым. Алғашқы күндері қандай жаңалықтар болады, қандай пайдасы бар деген сұрақтар мазалады. Екі апта ішінде сол сұрақтарыма толық жауап тапқандай болдым. Бұл бағдарламаны игеру барысында негізгі мақсаттарымен таныса отырып, әріптестер үшін маңыздылығын түсіндім. Курста жаңа ортаға түстім, мүлдем бейтаныс адамдар. Уақыт өте келе ортаға сіңіп кеттім. Өйткені «Математика», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндеріне қатысты күрделі тақырыптардың тапсырмаларын қарастырып, талдап орындадық. Топта бірлесіп, әр пәннің күрделі тақырыптары бойынша мәселелерді анықтап, бір-біріміздің ойымызбен бөлісіп, пікірлесіп, оны талқылап, жасаған жұмысымызды Google презентацияда, Padlet, jambort сервистерінде, Google формада тест тапсырмаларын құрастырып, қорғай білдік. learningapps.org, word woll бағдарламаларында жоғарыда аталған пәндер бойынша тапсырмалар әзірлеп, қаншалықты өз тәжірибемізде қолдануға тиімділігін байқадық. Kahoot оқыту платформасының да тиімділігіне назар аудардық. Осының бәрі курс жетекшісі, аға оқытушы Аяжан Ешімбайқызының арқасында үйреніп, жүйелей алдық. Алғашқы бірінші аптада теория мен практиканы ұштастырылып, әр сабақтың нәтижесіне қол жеткізе алдық. Мәліметтер жаңаша, жақсы, ынталандырарлықтай болды. Осы курс барысында өз тәжірибемде үлкен, айқын өзгерістерге қадам бастық. Бұл әрине тренердің аз уақыт ішінде болса да, бойыма сіңірген білімі. «Математика» сабағында есептерді шығару кезінде алгебралық, арифметикалық, практикалық, графикалық тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарына басты назар аудардық. Модельдеу тәсілдерінің де (кесте, сызба, диаграмма т.б) ерекшеліктеріне мән бере отыра тиімділігін байқадық. Осындай тапсырмалар, әдістер, ресурстар, үлестірмелі материалдар менің тәжірибемді ғана емес, көзқарасымды, ұстанымымды, құндылықтарымды, жалпы өзімді өзгертті десем қателеспеймін. Курс аясында мұғалімдерге өз тәжірибелерімен бөлісуге де, зор мүмкіндіктер болды. «Шебер-сынып» өткізуге мүмкіндіктер берген тренерге алғысымыз шексіз. Бұл да біздің шеберлігімізді арттыруға көптеген себебін тигізді. Қарастырылған тақырыптарға тоқталатын болсам: «Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер», «Сөйлем мүшелері», «Синтаксистік талдау», «Бөлшектер». Шебер-сыныпқа қатысқан әріптестерім: Марзия Халелқызы, Ермекбол Тоқтамұрат, Шынар Қайбар, Бекзат Хамзина. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жоғары деңгейде өткіздік, ұстаздардың көңілінен шыға білдік. Өз пәндік құзыреттілігімді арттыра отыра, кәсіби әлеуетімізді көтеріп, оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарап, өзімнің болашақ бағытымды айқындауыма көмегі зор болды. Осындай пәндік курстардың негізінде, нәтижесінде пәндік құзыреттілігімізді арттырып, сабақтарымызда жаңа тәсілдерді қолданып, оқушыға өз бетінше білім алуға, ғылыми зерттеу, коммуникативтік, дағдыларын, сыни ойларын дамытуға зор мүмкіндіктер барына көзіміз жетті. Келешектегі тәжірибемде білім алушыларға өз пікірлерін емін-еркін жеткізе білуге, дереккөздерді тиімді қолдануға қолымнан келгенше дағдыландырамын. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп ұлы Абай атамыз айтқандай болашақта курстан алған білімімді мектебімде жүзеге асыра аламын деген үміттемін. Алдағы уақытта курстан кейінгі сүйемелдеу барысында әртүрлі кеңестер, ресурстар көмекке келеді деп болжаймын. Аяжан Аембаеваға алғысым шексіз. Өзінің терең білімімен қатар іскерлігімен, жан-жақты ізденісімен бізге түрлі бағыттар, кері байланыстар беріп, білім алуымызға толық жағдай жасап, ынтымақтастық орта құра білгенін көрдім. Әріптестеріме сәттілік тілеймін!

Айжан ХАЗИ Қосшы қаласы, IT мектебінің мұғалімі

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *