Жаздың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Редакция таңдауы
view 122
news

Синоптиктер жаздың алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды janabastau.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, батыс облыстар мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ғана найзағай ойнап, жаңбыр жауады. «Ауа температурасының бірте-бірте көтерілуі күтіледі. Күндіз еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде күн +36-41 градусқа дейін, шығыста +28-33 градусқа дейін, орталықта +30-39 градусқа дейін, оңтүстікте +37-43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30-37 градусқа дейін ыстық болады», делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *