Жеңіл өнеркәсіп жетістіктерге бастайды
Қосшы жаңалықтары
76
19 қараша күні қаламызда жеңіл өнеркәсіпті дамытуға арналған жиын өтті. Жеңіл өнеркәсіп – халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, ішкі және сыртқы киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы.
Елімізде ең өзекті тақырыптың бірі – жеңіл өнеркәсіп. Қай кездеде үнемі даму мен тынымсыз еңбекті талап ететін сала. Әлемдік тәжірибеде жедел әрі қарқынды дамыған елдер жеңіл өнеркәсіпті дамытты дейді мамандар.
Қосшы қаласы қала мәртебесін алғалы бері әр бағыттағы кәсіп иелерінің біздің қалада өз бизнестерін ашуға деген құлшыныстары өте жоғары.
Қала әкімдігі кәсіп бастағысы келетін азаматтарға әрдайым қолдау көрсетуге дайын. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жасалып жатқан жұмыс өз нәтижесінде беруде. Әсіресе қыз-келіншектер мен жастардың идеяларын қолдап, қайтарымсыз гранттар беріліп отыр. Осындай кездесу ұйымдастырып, мемлекет тарапынан берілетін қолдау шарттары түсіндірілді.
«Әкімшіліктің қала тұрғындарына жасап отырған ұсынысы өте дұрыс. Егер қазір жастар мен орта буындағы азаматтар мен азаматшалар жеңіл өнер кәсіпті біздің жас қаламызда дамыта білсе нұр үстіне нұр. Көп жастар жұмыспен қамтылар еді, – дейді Қосшы тұрғыны Бауыржан Ділдабек.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)