«Кітап оқы» байқауы жарияланды

Қосшы жаңалықтары
view 127
news

Қосшы қаласы әкімдігі Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі қалалық мемлекеттік қызметшілері арасында рухани қазына – кітап оқудан өтетін «Кітап оқы» байқауын жариялады. Байқаудың мақсаты оқырман мен кітап арасын жақындату. «Оқуға құштар ел» жобасын жүзеге асыру, қоғамдық сананы жаңғырту. Соның ішінде Қосшы қаласының тұрғыны, «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясының сценарисі, жазушысы, Жазушылар Одағының мүшесі Ұларбек Нұрғалымұлының «Дайағашшы» кітабының таңдалуы да кездейсоқ емес. Кітапта қазақтарға ертеден таныс, кейінгілер үшін ұмытыла бастаған мінездер туралы жазылған. Сондай-ақ, қазір мағынасы көмескі тартқан сөздер мен түсініксіздеу көрінетін халық әндерінің мәтінін жіліктеп талдайды. Байқаудың міндеті: 1) қала зиялыларының шығармашылығын дәріптеу; 2) оқырмандардың жоғары талғамын қалыптастыру; 3) бір шығарманы көпшілікпен бір уақыт аралығында оқып, талдау. Байқауға қатысу шарттары - Байқауға қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет. - Өтінімдер 28 қарашаға дейін қабылданады. - Байқауға Қосшы қаласының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. - Қатысушылар Ұларбек Нұрғалымұлының «Дайағашшы» кітабынан: “Қараманнан шыққан қайыршы”, ”Қар суымен кеткен жылқы”, “Дайағашшы”, ”Ауылды ұстайтын апа”, ”Ақ серкештің аруағы” әңгімелерін оқуы керек. Өткізу тәртібі - Байқауға қатысушылар 29 қараша мен 13 желтоқсан аралығында кітапты оқып шығу керек. - 13 желтоқсан - байқаудың шешуші күні. - Байқау жеңімпазын кітаптың авторы анықтайды. - Байқау күні қатысушыларға сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беруіне қарай бағаланады. Ұйымдастыру алқасы: Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ. Электронды пошта: qosshy_too@mail.ru Байланыс нөмірі: 8 775 545 10 97 Мекенжай: Қосшы қаласы Республика көшесі 46. Байқауды қорытындылау - Байқау 2022 жылғы 13 желтоқсан күні өтеді (өтетін уақыты алдын-ала хабарланады) - Байқаудың қорытындысы бойынша үздіктер қаржылай жүлдемен марапатталады. - Барлық қатысушыларға Ұларбек Нұрғалым жеке қолтаңбасымен кітабын сыйға береді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *