Деструктивті діни ағымдардың алдын алу күн тәртібінде

Қосшы жаңалықтары
view 95
news

23 қараша күні Қосшы қаласы мәслихатының экономика және бюджет, әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы және қала Мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті. Отырысқа мәслихаттың хатшысы Б.Ибраев, қала әкімінің орынбасарлары Б.Жұмкейұлы, А.Ибраева, Қосшы қаласы сотының төрағасы Нұрлан Бекенов, полиция бөлімінің өкілі, Ақмола облысы Дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теолог маманы Абзал Сарденов және мәслихат депутаттары мен мемлекеттік мекемелерінің басшылары, дін өкілдері қатысты. Қосшы қаласындағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қалалық Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы баяндама жасады. Билер Кеңесін құру туралы қалалық соттың төрағасы Нұрлан Бекенов баяндама жасап, мәселенің маңызды екеніне тоқталды. Өзара келіспеушілікті билердің уәжі арқылы татуластыру жолымен шешу ұтымды тәсіл. Бұл ата-бабаларымыз қолданған дала заңдарында да бар. Бұдан бөлек Қосшы қаласының жерді аумақтарға бөлу және жер салығының ставкаларын, салық ставкаларын түзету жобасын (схемасын) бекіту туралы және әкімдік жанындағы жер комиссиясының құрамын қалыптастыру; Қосшы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы; Қаладағы мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы; Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Сессия соңында аталған мәселелер бойынша шешім қабылданды.

Едіге ЕРСАЙЫН

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *