Жол апатынан екі бала қайтыс болды
            
            Жаңалықтар
            
                 2411
                2411
            
        
        Сурет: Ашық дереккөзден
Теміртау қаласы маңында екі көлік соқтығысып, екі бала қаза тапты. 10 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға сағат 17:56-да болған.

«Апат салдарынан Chevrolet Nexia көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, екі көліктегі он жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қаза тапқандардың екеуі де кәмелеттік жасқа толмаған», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)