Жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті: төрт адам мерт болды, тағы төртеуі клиникалық өлім үстінде (видео)

Жаңалықтар
view 672
news

ren.tv

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жолаушылар автобусы көпірден Мойка өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды janabastau.kz сайты..

Автобуста барлығы 20 шақты адам болған. Олардың төртеуі қайтыс болды, тағы төртеуінде клиникалық өлім тіркелген. Қалғандары түрлі жарақаттармен ауруханаларға жеткізілген. 

Бүгін күндізгі сағат бір шамасында полицияға Большая Морская көшесіндегі 69-үйдің маңында жолаушылар автобусы көпірден Мойка өзеніне құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Төтенше жағдай кезінде көліктің ішінде шамамен 20 адам болған, - делінген Ресей ІІМ Бас басқармасы таратқан ақпаратта.

Желіде тараған видео кадрларында автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай бірнеше көлікке соқтығысып барып, өзенге құлайды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. апат кезінде автобус жүргізушісі бірнеше дене жарақаттарын алған, қазір ауруханада құқық қорғау органдарының бақылауында. Егер оның кінәсі дәлелденсе, екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген жол көлік оқиғасын жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *