Журналист Әділ Балтабаев пен Нұрлан Қоянбаев арасында әлеуметтік желіде дау шықты

Жаңалықтар
view 55
news

Фото: коллаж Sn.kz

Әлеуметтік желілерде журналист Әділ Балтабаев пен продюсер Нұрлан Қоянбаевқа қатысты қызу талқылау жүріп жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.

Жазда Балтабаев Instagram парақшасында жаңа пәтерін көрсеткеннен кейін, «жас журналист қалайша мұндай жеңілдікке жетті?» деген сұрақтар көтерілген еді. Кей әріптестері оны сынға алып, «журналистикада ұзақ жылдар еңбек еткендер үйсіз жүр» деп жазды.

Даудың жаңа кезеңі «Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойынына байланысты басталды. Балтабаев футболға қатысты жазбасында блогер Артур Асқарұлының қолдауын үлгі етіп, Нұрлан Қоянбаевтың қалжыңдарын «орынсыз» деп бағалады. Көпшілік оның Қоянбаевты тек фамилиясымен атағанына наразы болды.

Оған тікелей Қоянбаевтың өзі жауап берді:
– «Балтабаев, президенттің жанында жүрсіз деп шектен шықпаңыз. «Қоянбаев» емес, «Нұрлан Қоянбаев» деп жазыңыз. Егер патриот болсаңыз, қазақша жазыңыз», – деді продюсер.

Әріптесі Мәлік Хасенов те Қоянбаевты қолдап, үлкенді сыйлау – қазақы дәстүр екенін еске салды.

Threads желісінде сынға ұшыраған Балтабаевқа «пропагандист», «патриот емес» деген пікірлер жауды. Кейбір саясаттанушылар оның билікпен байланысын сынап, «Президент» жобасына жүргізуші болуы осының арқасы деп мәлімдеді.

Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушылары Балтабаевтың өмір салтын да қазбалап, пәтері, жаңа гаджеттері мен жарнамалық келісімдері жайлы талқылап жатыр. Кейбіреулер оны «журналист емес, шенеунікке айналып кетті» деп бағалады.

Қазіргі таңда Балтабаев тек жекелеген сыншыларға ғана жауап беріп отыр. Алайда әлеуметтік желідегі пікірталас әлі де басылар емес.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *