Нұрәлі Әлиев: «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матч әкем Рахат Әлиевтің еңбегінің арқасында өтті

Жаңалықтар
view 25
news

Сурет: kursiv.media

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлі Instagram парақшасында Алматыда өткен «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы ойынды әкесінің еңбегімен байланыстырды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Рахат Әлиев Қазақстан футбол федерациясын басқарған кезеңде еліміз үшін тарихи шешім қабылданған.

«Әкем Қазақстан футбол федерациясын басқарған тұста, 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Азия конфедерациясынан шығып, ресми түрде UEFA-ға кірді», – деп жазды ол.

Нұрәлі Әлиев сондай-ақ 2005 жылы Алматыға UEFA-ның сол кездегі президенті Мишель Платини келгенін еске алды. Ол кезде Қазақстан құрамасы Грекиямен ойнаған болатын.

«Кеше мен Орталық стадионда Чемпиондар лигасының матчын тамашаладым: алматылық «Қайрат» UEFA-ның ең атақты клубы – мадридтік «Реалға» қарсы шықты. Оның бәрі – АЛМАТЫДА! Сол сәтте қабылданған шешімнің стратегиялық мәнін шын сезіндім. Жылдар өтсе де, ол өз жемісін беріп отыр. Мен бұған мақтанамын!» – деді ол.

Нұрәлі Әлиевтің пікірінше, бұл — Қазақстан футболы үшін тарихи жетістік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *