1 миллион теңге грант: «Zhas Project» жобасына қатысуға өтініш қабылдау басталды

Жаңалықтар
view 116
news

Фотосурет: taunews.kz

Қазақстанның 20-ға жуық өңірінде "Zhas Project" жобасына қатысуға өтініш қабылдау басталды. Жобаға 18-34 жас аралығындағы уақытша жұмыспен қамтылмаған жастар қатыса алады, деп хабарлайды janabastau.kz.

жобаның мақсаты - жастар арасында жобаларды іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру, білім беру және жүргізілетін жұмыстар арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Жоба шеңберінде NEET санатынан жергілікті қоғамдастықтардың 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді жобаларды жүзеге асыра алады.

Жоба жеңімпаздарының әрқайсысына әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін  1 000 000 теңгеге дейінгі сомаға шағын гранттар беру көзделген. Болашақта 280 жоба іске асырылатын болады.

Айта кетейік өтініштерді қабылдау 24 сәуірге дейін жалғасады.

Әр өңір бойынша жобаны басқаратын және өтініш қабылдайтын ҮЕҰ-мен байланыс мәліметтері cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *