Мен бұрынғы Назарбаев сияқты емеспін - Депутат Мақсат Толықбай

Жаңалықтар
view 159
news

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Сынның астында қалған «Хабар» арнасындағы «Бірақ» бағдарламасының жүргізушісі болған әрі депутат інісі Самат Толықбайдың ағасы Мақсат Толықбай сияқты халық қалаулысы екен деген пікірлерге Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай жауап берді. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды. 

Мәжіліс депутаты інісінің дауына қатысты пікір білдірді

"Әртүрлі пікірлер айтыла береді ғой. Шатасып қалдыңыздар. Біріншіден, ол - бірнәрсені бүлдіріп қоятындай мектеп оқушысы емес, үш баланың әкесі. Өз іс-әрекетіне өзі жауап береді. Журналист ретінде пікірімді білгіңіз келсе, әрине, мен қарсымын. Тақырып таңдаудан бастап дұрыс болған жоқ. Бұл жерде дайын сценарийді оқи салды деп те айтуға болмайды. Тәжірибе аз шығар. Ол жерде редактордың да кінәсі бар. Бұл жерде мен министрліктің позициясын қолдаймын. "Бірақ" сияқты "Қалаулым", "Қослайк" бағдарламаларды жабу керек. Осы үшін күресіп келе жатырмыз. Қазір заң нормасына өзгеріс енгізе алсақ, ол да үлкен жеңіс. Ал енді екінші сұрақ. Ол - мәслихат депутаты. Біздің партияның артынан түскен жоқ, жергілікті тұрғындар өздері ұсынды. Мына бағдарламаға кімді шақырғанын білмеймін. Мен қазір біреуді қызметке қоя алатындай, туған-туыстарымды жұмысқа қоя алатындай бұрынғы Назарбаевтай құзыретім жоқ оған, бар болса да қолданбас едім. Сондықтан әркім өз ісі үшін өзі жауап береді. Мен ініммен сөйлесіп айттым, министрліктің позициясын қолдаймын", - деді депутат. 

Айта кетейік, Самат Толықбай – журналист, Қарасай аудандық мәслихатының депутаты.

Еске салайық, «Хабар» телеарнасының эфиріне шыққан «Бірақ...» ток-шоуындағы эфирлердің бірі қоғам сынына қалып, соңында жабылған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *