19 жастағы Ләззат кіріп кеткен: Атырауда емші кішкентай қыздан жын шығаруға әрекеттенді​ (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 348
news

Фото: видеодан скрин

Атырауда емші Кейқуат Оспановтың кішкентай қызды ішінен жын шығару әдісімен емдеп жатқан видеосы әлеуметтік желіге тарап, жұртты шошытты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Azattyq Ruhy-ның жазуынша, видеода екі ер адам жерде жатқан қыз баланың қолын байлап, тамағынан қысып жатқанын көруге болады. Емші баланың ішіндегі «шайтанмен» сөйлескендей түр танытып, сұрақтар қойып отыр. Қиналған бала жылап жауап беріп жатыр.

- Қызсың ғой, иә?
- Иә.
- Не үшін кірдің, мақсатың өлтіру ме?
- Иә.
- Сенің жасың нешеде, Ләззат?
- 19-да.
- Мыңжылдықсың ба әлде жүзжылдықсың ба?
- Мыңжылдық.
- Сендер нешеусіңдер?
- 9.
- Өздерің кірдіңдер ме?
- Өзіміз кірдік, - деген диалог жүреді.

Кейқуат Оспанов деген адам өзін ислам медицинасының өкілі деп санайды.

Бұл оқиғаны редакция әлеуметтік желіге салған соң, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді.

Жергілікті уәкілмен байланыстым. Олар мәселені қарауға алды, - деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *