Алматыдағы университетте студент оқытушыны пышақтап тастады (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 184
news

Фотосурет: Alt University

Алматы қаласында ALT University студенті оқытушыға пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтерде оқиға студенттің алған бағасына байланысты болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда университет бұл ақпаратты нақтылады.

Оқу орнының хабарлауынша, күдікті студент басқа кафедрада білім алады, ал зардап шеккен оқытушы оған ешқашан дәріс оқымаған. Сондай-ақ олардың бір-бірімен жеке таныс болмағаны белгілі болды. Қақтығыстың нақты себебі әзірге анықталып жатыр.

Qumash-тың жазуынша, студенттің топтастары оның бұған дейін агрессия көрсетпегенін, мінезі сабырлы әрі тұйық болғанын айтқан.

Оқиғадан кейін күдікті ұсталды. Жарақат алған оқытушы ауруханада тексеруден өтіп, үйіне жіберілген. Университет мәліметінше, жарақат салдарынан оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *