20 жылда 1 400-ден аса ауыл жабылған - сенатор

Жаңалықтар
view 240
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстанда кейінгі 20 жылда 1 400-ден аса ауыл жабылған. Бұл туралы сенатор Серік Шайдаров айтты, деп хабарлайды janabastau.kz halyq-uni-не сілтеме жасап.

Депутаттық сауал премьер-министр Олжас Бектеновке жолданды.

2019 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асырып жатыр. Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Мысалы, 2014-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 524 миллиард теңге бөлініп, 1800 ауылда 5 мыңнан астам жоба жүзеге асырылды, - деді Серік Шайдаров.

Оның пікірінше, аталған бағдарлама ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешпеген.

«Дүниежүзілік банк мәліметінше, Қазақстан жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісінің көрсеткіші бойынша табыс деңгейі төмен елдер тобына жатады. Қазақстанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің деңгейі 1 ауыл тұрғынына шаққанда Ресеймен салыстырғанда – 1,8 есе, Оңтүстік Корея – 7,5 есе, Франция – 8,8 есе, Бельгиямен салыстырғанда 43 есе төмен. Сондықтан ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатының конституциялық негізі – оның ауылдық экономиканы дамыту перспективасына негізделуі», - деді депутат.

Сенатор Қазақстанда ауылдар жабылып жатқанын мысалға келтірді.

Үкімет отырысының бірінде ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров соңғы 10 жылда елімізде 583 ауыл жабылғанын, бүгінде республикада 6 256 ауылдық елдімекен барын мәлімдеген. Егер ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын еске алсақ, бағдарламаны іске асыра бастағанда елімізді 7 660 ауыл болған, яғни 20 жылдың ішінде 1 404 ауылдық елді мекен жабылған. Егер елімізде әр 10 жыл сайын 700 ауылдық елдімекен қысқартылса, «Ауыл – ел бесігі» жобасы да басқа мемлекеттік бағдарламалардың тағдырын қайталамай ма?, - деді ол.

Серік Шайдаров бұған жол бермес үшін мемлекеттік қолдаудың қатысуымен бөлінетін барлық несиені «Ауыл – ел бесігі» бойынша қаржыландыруды, жыл сайын мониторинг жүргізуді, жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашу ұсынылғанын еске салды.

«Өкінішке орай Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысы мен Үкіметтің есебінде біз бұл жұмыстың нәтижесі мен тиімділігін көре алмадық. Осындай жағдайды ескеріп, неге инфрақұрылымға миллиардтаған сома құйылатын ауылдық елдімекендерде бөлінген несиелер мен бизнес ашу бойынша талдау жоқ деген сұрақ туындайды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы мақсаты – осы ауылдардағы экономикалық өсу өлшемі арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Іс жүзінде бюджет қаржысын әдеттегідей игеру жүріп жатыр, ал тұрақты жұмыс орындары ашылмаса мемлекет салынған қаржыдан тиісті нәтиже ала алмайды.

Сондықтан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге, осы ауылдардың экономкасын дамытуға жан-жақты талдау жүргізу қажет деп санаймыз. Бұл тәсіл ауылдағы өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және жалпы ауыл шаруашылығын дамуына серпін береді», - деді депутат.

Сенатор Үкімет төмендегі шараларды қабылдауы керек деп санайды:

  • Ауыл халқын несиелендіруді «Ауыл аманаты» бағдарламасын үлгісі бойынша Аграрлық несие корпорациясы арқылы бөлінетін барлық несие желілерін қоса алғанда Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылы іске асыруды ұсынамыз. Өйткені, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының барлық жобасын жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.
  • «Ауыл – ел бесігі» жобасына кіргізілген ауылдарда тұрақты жұмыс орындарын ашуды және инфрақұрылымды дамытуды қатар жүргізуді жергілікті атқарушы органдарға жүктеу керек, ал бақылауды Ұлттық экономика министрлігіне қалдыруды ұсынамыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *