2023 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру
Редакция таңдауы
145
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі –ЕХӘҚМ) «Еңбек жолы» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды. Конкурс аясында Қазақстанның үздік өндіріс қызметкерлері мен еңбек әулеттері анықталады.
Бұл конкурс өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды танымал етуге және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.
Конкурс екі кезеңнен (өңірлік және республикалық) тұрады. Қатысушылар үш аталым бойынша анықталады:
• «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаты ең көп әулет таңдалады;
• «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
• «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық жұмыскері қатыса алады. Жеңімпаздарды арнайы республикалық комиссия анықтайды.
ЕХӘҚМ байқауға еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ бастамашыл жас қызметкерлерді және олардың тәлімгерлерін белсенді қатысуға шақырады.
«Еңбек жолы» республикалық конкурсы жөнінде толық ақпарат алу үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар немесе Еңбек инспекциясы басқармасына және 8 (7172) 74-35-11 телефоны арқылы ҚР ЕХӘҚМ Еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)