Игі істер жалғасын табады
Редакция таңдауы
88
Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары Нұрдәулет Қасенов, Болат Абдрахманов және Мақсат Тәшенов қала тұрғындарын кезекті мәрте қуантты. Мәселен, қалалық мәслихатының депутаты Болат Үкібайұлы 2 маусым күні Тайтөбе ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке бірнеше медициналық құрал-жабдықтар мен жиһаздар табыс етті. Оның ішінде 2 принтер 2-in-1, 2 компьютер, 1 ноутбук, 1 нәрестені ауыстыратын үстел, балаларға арналған таразы, ересектерге арналған таразы, балаларға және ересектерге арналған биіктік өлшегіш, кабинетке арналған 3 кварц шамдары, 1 кварц жылжымалы шам, құжаттарды сақтауға арналған сөрелері бар шкаф, құжатты сақтауға арналған шкаф, киімді сақтауға арналған шкаф, 4 темір киім ілетін шкаф, 3 орындық және 3 литрлік ақ бояу мен 3 литрлік қызыл бояу бар.
Сондай-ақ Нұрдәулет Нұрсейітұлы Алтын қазық көшесі, «Алтын Орда», «Орион» ТК-нің аумағына балалар үшін құм төгіп беріп, бүлдіршіндердің қуанышына себепкер болған еді.
Ал Мақсат Еркінұлы «Нұрай» ТК тұрғындары үшін балалардың ойын алаңына құм, жаңадан ашылған жағажайға құрылыс материалдарын жеткізіп берді. Бұл жұмыстар қала мәслихаты депутаттарының қала тұрғындары, қосшылық балалар үшін жасап жатқан игі істерінің бір парасы ғана деп айтсақ та жеткілікті. Мұндай жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғасатын болады. Жарыссақ – жақсылық жасап жарысайық.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)