Проекциялық жолақ іске қосылды

Редакция таңдауы
view 64
news

«СМЭУ-Астана» ЖШС мердігерлік ұйымы Қосшы қаласында 5 әлеуметтік маңызды нысан бойынша жаяу жүргіншілерге арналған, түнде жанып тұратын проекциялық жолақты іске қосты. Қазақстанда проекциялық жолақтар Шымкент, Қарағанды сияқты ірі қалаларда бар. Енді Қосшы қаласында да пайда бола бастады. Бүгінгі күні проекциялар 4 нысанға қосылды. Республика-Желтоқсан көшесінің қиылысы, Республика көшесінен “Лесная поляна» шағын ауданына бұрылыс, Республика көшесінен №1 қалалық емханаға өтер тұсы және Абай көшесі мен Ғ.Әбсағитов көшесінің қиылысы. Сондай-ақ Республика көшесінен “Алтын орда” тұрғын үй кешенінің қиылысына бесінші проекциялық жолақты орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Проекциялық жарықтандыру тәуліктің қараңғы уақытында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әйтсе де қауіпсіздіктің ең басты талабы – тұрғындардың өздерінің жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауы керектігін еске саламыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *