Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады
Редакция таңдауы
96
Kaspi.kz ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен және ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, жаңа қызметті іске қосты. Енді тұрғындар мобильді қосымшада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады.
Бұл қызмет арқылы үй иесі өзін және отбасы мүшелерін (14 жастан асқан балалар), сондай-ақ бірге тұратын басқа да адамдарды өз пәтерінде тіркей алады. Сонымен қатар меншік иесі бірге тұрмайтын адамдарды өз үйінен өз бетінше тіркеуден шығара алады. Егер сіз үйдің иесі болмасаңыз және біреуге тіркелгіңіз келсе, онда сервис өзі үй иесінің келісімін сұрайды.
Тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекенжайы автоматты түрде пайда болады. Қызметті пайдалану қауіпсіз. Тіркелу кезінде фото сәйкестендіруден өту керек. Бұл сізден басқа ешкім сіздің атыңыздан аталмыш қызметті пайдалана алмайтындығына кепілдік береді.
Сондай-ақ ІІМ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша полиция қызметін цифрландыру жұмысын жалғастыруда.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)