Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Редакция таңдауы
view 476
news

Астана қаласында маусымның 8 күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды janabastau.kz. Назарларыңызға сол есептің ықшамдалған нұсқасын ұсынып отырмыз.

– Ақмола өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған стратегиялық міндеттер мен бағыттарын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер. Президенттің тапсырмасына сәйкес, облыста халыққа қолдау көрсету бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Бұл міндеттерді іске асыру өңір дамуының оң серпінін сақтап қалды. Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өңірде көптеген бағыттар бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Биыл облыс экономикасы әлі де тұрақты екенін растағым келеді. Өткен жылы жақсы қарқын алған салалар өсуін жалғастыруда. Жалпы, соңғы 3 жыл бойы еліміздегі өңірлер бөлінісінде біз әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша көшбасшылар қатарындамыз.    

Жекелеген өнім түрлері

  Жалпы, ел көлемінде жекелеген өнім түрлері бойынша өңірдің үлесі мынадай: - подшипниктер - 100% (жүз пайыз) (әрбір бірінші); - әрбір екінші мамандандырылған автомобиль (65%), жинайтын комбайн (43%) және трактор (41%); - әрбір үшінші керамикалық кірпіш (38%); - әрбір үшінші килограмм алтын (27%).    

Ғылым-техника саласы дамуда

  Біздің өңірде машина жасау саласында бірқатар кәсіпорындар орналасқанын ерекше атап өткім келеді, олар республика бойынша – көшбасында. Мысалы, «КазРостИнжиниринг» және «КАИК» компаниялары жыл сайын, әрқайсысы екі мыңға дейін ауыл шаруашылығы техникасын, комбайндар мен тракторлар шығарып, өткізеді. «КАМАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы жылына бір жарым мыңға дейін жүк және мамандандырылған, сонымен қатар, Қазақстанда ғана шығарылатын эксклюзивді автомобильдер жасайды. Осы және басқа да кәсіпорындар белсенді кеңейіп келеді, Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы елдерінде шығарылатын қазіргі заманғы, роботталған жабдықтарды орнатуда. Ол бұл саланың біздің өңірде одан әрі де дами беретінін көрсетеді. Облыстың барлық жинақтау кәсіпорындарында өндірісті оқшаулау, қабылданған міндеттемеге сәйкес, кезең-кезеңмен жүргізілуде.
  • Анықтама: «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ кәсіпорнында базалық автомобильдер бойынша оқшаулау деңгейі - 30%, арнайы техника бойынша – 48%. «Казрост Инжиниринг» жеке меншік кәсіпорны үшін жергілікті қамту үлесі комбайндар бойынша – 46,5%, тракторлар бойынша – 38,8%. «КАИК» ЖШС бойынша техника түріне қарай оқшаулау 23%-дан 87%-ға дейін құрайды.
   

Ауыл шаруашылығында өнім мол

  Ақмола облысы – негізгі аграрлы өңірлердің бірі, елдің жалпы ауыл шаруашылығы өніміндегі оның үлесі 10% құрайды (2023 ж. 4 айдың қорытындысы бойынша - 9,9%). Ағымдағы жылғы төрт айдың қорытындысы бойынша, жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, өткен жылға қарағанда 5,5% өсімімен 114 млрд теңгені құрады (өсімдік шаруашылығы - 1,3 млрд теңге немесе 100%, мал шаруашылығы - 112,6 млрд теңге немесе 105,4%). Бүгінгі таңда, өңірмен ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі міндет – егін егу науқанын сапалы және уақытында өткізу орындалды,  бұл – қолайлы ауа райы жағдайында алдағы уақытта жақсы өнім алудың кепілі. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жазғы егін егу 5,2 млн га көлемінде жүргізілді, ол елдегі ірі астық сынасы болып табылады. Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, 2026 жылға дейін облыста млрд теңге сомасына 92 маңызды инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда (2022 жылы 16 млрд теңгеге 21 жоба іске асырылды, 2023 жылы – 53,1 млрд теңгеге 28 жоба), ол: - 260 мың тоннадан астам ұн мен жарма өнімдері; - 62 мың тоннаға барлық ет түрлері; - жылына 54 мың тоннаға өсімдік майы; - жылына 45 мың тоннаға шикі сүт; - 10 мың тоннаға көкөністер өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Етті және сүтті мал шаруашылығын одан әрі дамыту аясында, биылғы жылы 2,5 мың ірі қара мал басын сатып алу арқылы 46 етті ферма және 4 мың ірі қара мал басына 11 сүтті-тауарлы ферма құрылатын болады. Біздің облыста етті құс шаруашылығы бойынша үлкен мүмкіндік бар. «Макинск құс фабрикасы» республикадағы ірі кәсіпорындардың бірі, ол туралы жоғарыда атап өткен болатынмын. Құс фабрикасының екінші кезегі іске қосылғаннан кейін бір жыл өткен соң кәсіпорын толық қуаттылығына шықты,  ол – шамамен мың тонна құс еті (құс фабрикасының 1-кезегі 2018 жылғы 4-тоқсанда, 2-кезегі 2020 жылғы 2-тоқсанда іске қосылды). Бір жарым мың (1435) жаңа жұмыс орны ашылды. Осылайша құс фабрикасы орналасқан Бұланды ауданында жұмыспен қамту көрсеткіші көтерілді, халықтың жағдайы жақсарды.   Ағымдағы жылғы сәуірде үшінші кезектің құрылысы аяқталды – ол, шамамен бес жүз адамды (450 адам) жұмысқа орналастыру арқылы құс еті бойынша өндірістік қуаттылықты жылына 90 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Осы және басқа да жетістіктерге, тиісті мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қол жеткізілді. Ағымдағы жылы аграрлы салаға шамамен 106 млрд теңге бөлінді (2022 ж. – 122 млрд теңге). Осылайша, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі және диқандар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуда.    

Өңірде кіріс көзі молайып келеді

 
  • Инвестиция тартуға ерекше назар аударылады. Биылғы жылғы төрт айда облыс экономикасына өткен жылғы деңгейге қарағанда 19% өсімімен 180,5 млрд теңге тартылды. Оның ішінде, жеке инвестициялардың үлесі 90% құрайды.
  • Сыртқы (шетелдік) инвестиялар көлемі – өткен жылғы деңгейге қарағанда бір жарым еседен астам өсімімен 22,5 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың басынан бастап, жеке меншік инвестиция есебінен 28,6 млрд теңгеге 16 жоба жүзеге асырылды, 600 жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, 2023 жылы Ақмола облысында 3 мыңнан (3,2 мың) астам жұмыс орнын ашу арқылы, 193,2 млрд теңгеге 192 жобаны іске қосу жоспарланды.
 

Ауыз су мәселесі оң шешімін табуда

  Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету мәселесі жоспарлы түрде шешілуде. Қазіргі уақытта 589 ауылдың ішінен 381 ауылда орталықтан сумен жабдықтау жүйесі бар, 38  ауылда құрастырылған блок-модульдер орнатылған, 154 ауылда орталықтандырылмаған сумен жабдықтау, 16 ауылда тасымалданатын суды пайдаланады. Бүгінгі таңда, сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік, қалаларда 95,3% -ды, ауылдық елді мекендерде 89,8%-ды құрайды.
  • Ағымдағы жылдың соңына дейін, ауыз суының сапасын жақсарту 31 ауылдық елді мекенде (салу – 16, блок-модуль – 15) және 2 қалада (Державинск, Ерейментау), 390 км су құбыры мен кәріз тораптарын салу және реконструкциялау жоспарлануда, ол 12 мыңнан астам халық санымен 20 ауылда орталықтан сумен жабдықтау қызметіне қол жетімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Кешенді блок-модульдер орнату есебінен, 15 елді мекенде қосымша 2,6 мың адамды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету жоспарлануда.
   

Өңірлік шипажайларға өзгеріс бар

  Щучинск-Бурабай курорттық аймағында экологиялық мәселелерді шешу шеңберінде, 15 млрд теңгеден астам сомаға 7 жоба жүзеге асырылуда, ол Щучинск қаласында, Бурабай мен Қатаркөл кенттерінде, сондай-ақ курорттық аймақта орналасқан шипажайлар мен сауықтыру орындарында орталықтан сумен жабдықтау және су бұру мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік береді (2023 жылы 2 жоба іске қосылады, 5 жоба 2024 жылға ауыспалы).    

Білім саласына айтарлықтай көңіл бөлінді

  Білім беру саласында Мемлекет басшысы айқындап берген міндеттер жүзеге асырылуда және «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының негізгі жоспарланған индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу жұмысы жүргізілуде. Мектепке дейінгі және орта білім беру – басымдылыққа ие болатын сала болып қалуда. Екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен 100% қамтуды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу жалғасуда (2029 жылға қарай). Бүгінгі таңда, облыс бойынша бұл көрсеткіш 86% құрайды, жыл соңына дейін оны 88% дейін жеткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы, 313 орынға 2 балабақша ашылды, 1706 орынға тағы 6 балабақшаның құрылысы жалғасуда. Мектептердің инфрақұрылымын дамыту да, білім беру сапасына тікелей ықпал етеді. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында, 85 объектіге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу үшін, облыстық бюджеттен 8,6 млрд теңге бөлінді (39 - күрделі, 46 – ағымдағы жөндеу), ол өткен жылғы деңгейден үш есеге артық. 5,5 мың оқушы орнына 14 мектептің, сонымен қатар үш ауысымды оқытуды жою шеңберінде 2 мектептің құрылысы жалғасуда (Аршалы ауданының Жібек жолы а., Қосшы қ. №2). Оның ішінде, жыл соңына дейін мыңнан астам оқушы орнына 7 мектеп пайдалануға берілетін болады (Аршалы ауданының Жібек жолы а., Сандықтау ауданының Петровка а., Целиноград ауданының Жаңа жол және Өтеміс ауылдары, Қосшы және Көкшетау қалалары, Ақкөл ауданының Ақкөл қ. мектепке жапсаржай) және 7 мектеп 2024 жылға ауыспалы  (Аршалы ауданының Жалтыркөл а., Целиноград ауданының Шұбары а., Көкшетау және Қосшы қалалары  (1-поз.), Степногорск қаласының Бестөбе к.). Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 2025 жылға дейін 26,5 мың оқушы орнына 20 мектеп салу жоспарланды.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *