Елге оралған қарияның «топырақ жұтпағанын» Назаровтың Мәжілістегі әріптесі де айғақтады

Жаңалықтар
view 149
news

Фотосурет: Болат Омарәлиев

Әлеуметтік желіде депутат Ардақ Назаровтың сұхбатынан кейін қызу талқыға түскен «жер жеген атаға» қатысты шындық енді айтылып жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Атажұрттың топырағын сүйген қарияның тарихи фотосуретін Ардақ Назаровтың Мәжілістегі әріптесі Дәулет Мұқаев та Instagram-дағы парақшасына жариялады.

1993 жылы Түркиядан қандастарды арнайы ұшақпен елге жеткізген. Суретте сол ұшақпен туған жерге оралған Сағынтай Қарабазар ақсақалдың Қызылорда әуежайында тізерлеп отырып, топырақты сүйген сәті бейнеленген. Тоғыз жасында Ауған асып кеткен, тоқсан жасында туған жерге қайта оралған ақсақал сағынышын осылай басқан деседі, - деп жазды депутат.

Ал суретті 2024 жылы дүниеден озған белгілі фотожурналист Болат Омарәлиев түсірген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың атамекенге оралған қандастар туралы әңгімесі әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Ол сұхбаттарының бірінде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Түркиядан оралған қазақ қариясы туралы айтты. Ол оқиғада ұшақтан түскен ақсақал «Қызым, мынау қазақтың жері ме?» деп сұрап, растауын алған соң бір уыс топырақты алып, жұтып жібергені айтылған еді. Осыдан кейін бұл әңгіме желіде тарап, көптеген әзіл-қалжыңға арқау болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *