Қысым көрген Амилай елден кетіп қалды
Фотосурет: ашық дереккөзден
Әлеуметтік желілерде атышулы трансгендер Амилай қайтадан көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, соңғы уақытта белгісіз адамдар артынан аңду ұйымдастырған. Осы жағдайдан кейін ол қауіпсіздігі үшін Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған.

Бұл видео осы жерде қалсын, менің қауіпсіздігім үшін! Егер жоғалып кетсем немесе маған бірдеңе болса, кімнің кінәлі екенін біліңдер. Мен бәрін білемін. Қай жерде жұмыс істейтініңді, әйелің мен балаларыңның кім екенін де. Бұл ақпарат менде және достарымда бар. Маған бірдеңе болса, солар оны жариялайды, - деп жазды Амилай Instagram-дағы парақшасына.
Ол шетелде жүргенін және қауіпсіздік мақсатында қонақ үйлерін жиі ауыстыруға мәжбүр екенін де айтты.
Әзірге Амилайдың мәлімдемесіне қатысты ресми органдар тарапынан түсінік берілген жоқ.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)