2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады — Олжас Бектенов

Жаңалықтар
view 251
news

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың негізгі нәтижелері туралы баяндады. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды.

Атап айтқанда, экономика 4,8%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға дейін артты.  

Аграрлық сектор мен өңдеуші салады соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. 26 млн тоннадан астам астық, 3 млн тоннадан астам майлы дақыл жиналды. 4 млн тонна астық экспортқа жөнелтілді.   

Өңірлерге шаққанда өткен жыл қорытындысы бойынша ең жоғары экономикалық өсім Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстары және Астана мен Шымкент қалаларында тіркелді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *