2026 жылғы 10–20 тамыз аралығындағы ресми теріске шығарулардың қысқаша жиынтығы
Фото: Ашық дереккөзден
Фейк: 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы ақпанға дейін күштік құрылымдарда кадрлық ауыс-түйістерге мораторий енгізіледі.
Факт: 2026 жылғы 3 маусымдағы №295-VIII Заңда әскери қызметшілер мен күштік құрылым қызметкерлерін қызметтен босатуға, ауыстыруға немесе тағайындауға мораторий енгізу туралы норма жоқ, JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Фейк: eGov бұзылып, 15 млн қазақстандықтың деректері тарап кетті.
Факт: Техникалық тексеру eGov жүйелерінің бұзылмағанын көрсетті. Даркнетте жарияланған материалдар eGov деректер базасынан алынбаған және мемлекеттік жүйелердің құрылымына сәйкес келмейді.
Фейк: Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат Өзбекстандағы электрмен жабдықтау іркілісіне себеп болды.
Факт: ҚР Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Фейк: Автомектептерді есепке алу және жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау жеке ұйымдарға беріледі.
Факт: Емтихан қабылдау функциясын жеке ұйымдарға беру қарастырылып отырған жоқ. Автомектептерді есепке алу мен оқу топтарын тіркеу мемлекеттік функция болып қала береді.
Фейк: Мемлекеттік органдар БАҚ, журналистер, блогерлер мен белсенділердің аккаунттарын жаппай бұғаттап жатыр.
Факт: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұғаттамайды.
Фейк: BI Group 1 000 пәтер ойнатып жатыр.
Факт: Компания мұндай ұтыс жариялаған жоқ. Таралып жатқан шарттар, күндер мен орындар шындыққа сәйкес келмейді.
Қосымша: Петропавлдағы жол-көлік оқиғасының салдары туралы жалған ақпарат таратқан TikTok пайдаланушысына сот 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл тағайындады.
Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріп, расталмаған хабарламаларды таратпаңыз.
Пікірлер (0)