22-24 қазан күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады?

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: freepik.com

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша, 2025 жылғы 22-24 қазан күндері астаналықтарды -6°С дейінгі аяз күтеді, алматылықтар үшін күндізгі ауа температурасы +22°С-қа дейін жылылық сақталады, ал шымкенттіктерде жазғыдай ауа райы болжанып, +28°С жылылық болады.

Астанадағы ауа райы болжамы:

22 қазан: бұлтты аумақтар, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, түнде шығыстан 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°С, күндіз +11…+13°С.

23 қазан: бұлтты аумақтар, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°С, күндіз +11…+13°С.

24 қазан: бұлтты аумақтар, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°С, күндіз +12…+14°С.

Алматыдағы ауа райы болжамы:

22 қазан: бұлтты аумақтар, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +18…+20°С.

23 қазан: бұлтты аумақтар, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +18…+20°С.

24 қазан: бұлтты аумақтар, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +20…+22°С.

Шымкенттегі ауа райы болжамы:

22 қазан: бұлтты аумақтар, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +23…+25°С.

23 қазан: бұлтты аумақтар, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +25…+27°С.

24 қазан: бұлтты аумақтар, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +26…+28°С.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатынын жазған едік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *