27 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Редакция таңдауы
84
Қосшы қаласының №1 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Тұрғангүл Бишораева мен жергілікті әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер жөніндегі бас инспекторының міндетін атқарушы Әсем Айтбаеваның қатысуымен тікелей эфир өтті. Спикерлер халықты денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандырды.
Тікелей эфир кері байланыс орнатып, тұрғындарды толғандыратын сауалдарға жауап беру үшін өткізілді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі халықты алдын ала әлеуметтік желілерде хабардар еткен болатын. Бүгінде ғаламтордың дамыған шағында бұл жұртшылықпен диалог орнатудың тамаша мүмкіндігі.
– «Облыстың денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарына мемлекеттік қызметті 37 қызмет беруші көрсетеді. Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту, көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру ақылы негізде, ал қалған 27 түрі тегін көрсетіледі», – деді бас дәрігердің орынбасары Тұрғангүл Бишораева.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жүздеген қызмет көрсетілді. Әлеуметтік шиеленісті азайту мақсатында электронды түрде көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» ашылды. Яғни сіздің электронды цифрлы қолтаңбаңыз болса, ХҚКО кезектерінде уақытты жоғалтпай-ақ, электронды үкіметтің веб порталы арқылы бірнеше минут ішінде анықтамаңызды ала аласыз.
– «Электронды цифрлы қолтаңбаңыз болмаған жағдайда ұялы телефоныңыз арқылы қызмет алу мүмкіндігіңіз бар. Сіз eGov mobile-да тіркелген болсаңыз және жеке сәйкестендіру нөмірі бар телефоныңыз мобильді азаматтар базасына байланған болса, қажетті функцияны орындай аласыз. Сондай-ақ «Telegram» мен «eGov mobile» қосымшасының көмегімен небір мемлекеттік қызметке қол жеткізе аласыз», – деп толықтырды медицина саласының маманы.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қызмет алуы үшін де жағдай жасалған. Нақтырақ айтсақ, қоңырау түймесі, пандус, брайль шрифтін қолданатын ақпараттық тақтайшалар қарастырылған. Заң бойынша мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кіріп-шығуы қамтамасыз етілуі және денсаулық сақтау, қызмет көрсету салаларындағы мекемелер мен ұйымдарда оларға бірінші кезекте қызмет көрсетілуі керек.
Халық арасында қандай қызметтер сұранысқа ие? Қалалық әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер жөніндегі бас инспекторының міндетін атқарушы Әсем Айтбаеваның ақпаратына сүйенсек, адамдарға көбінесе медициналық ұйымға тіркеледі, дәрігердің қабылдауына жазылады, дәрігерді және жедел жәрдемді үйге шақыртады, сонымен қатар оларға стационарға емдеуге жатқызуға берілетін жолдама, псхоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы ұйымдардан берілетін анықтамалар қажет.
Тікелей эфир барысында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды берудің тәртібі туралы да сөз қозғалды. Оған қоса, мамандар халықты стационарлық жағдайларда көрсетілетін көмектің стандарты туралы ақпараттандырды.
Жан ҚАСЫМОВА
«Jańa Bastau» газетінен алынды
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Редакция таңдауы
Астанада әйелдің басына лифтінің плиткасы құлап, миы шайқалды
Пікірлер (0)