350 мың доллар пара беруге итермелеп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтар
view 570
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Осы жылдың 16 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры Жүсіпов М. сотталды, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Ол мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына аса ірі мөлшерде дәнді дақылдарды жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін 350 мың АҚШ доллары сомасында пара беру бойынша күдіктенді.

Осы үкіммен пара беруге итермелегені және алаяқтыққа оқталғаны үшін И. Барабаш пен Т. Демесинов әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *