«36 жасымда өлемін»: Әнші Darkhan Juzz-дің сұхбаты тарап жатыр (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 151
news

Фото: Instagram d.juzz

Әлеуметтік желіде Darkhan Juzz атымен танылған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің көзі тірі кезінде айтқан сөзі тарап жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол 2023 жылдың 24 ақпанында Таиландта жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан болатын.

Kznews.kz жазуынша, сұхбатта музыкант өмірі мен болашағына қатысты ойымен ашық бөліскен. Оның айтуынша, бір кездері өзін ұзақ ғұмыр сүрмейтіндей сезінген.

Мен өзімді 36-37 жасқа дейін ғана өмір сүретіндей елестететінмін. Бір қайғылы жағдайдан көз жұматын сияқтымын. Әуелі танымал боламын, сахнада жарқыраймын, содан кейін ғайып боламын деп ойлайтынмын. Бірақ уақыт өте келе бұл ойымнан бас тарттым. Бақытты өмір сүргім келді. Қартайып, немерелерімді көргім келді, жарқын болашаққа сенгім келді, – деген ол.

Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған соң, оқырмандар мен жанкүйерлер түрлі пікір қалдырды. Бірі әншінің сөзін алдын ала сезу деп бағаласа, енді бірі тағдырдың тылсымымен байланыстырды.

"Бәрін жүрегімен сезген екен", "Ерте кетті", "Тірі болғанда талай биікті бағындырар еді", "Жақсы сөз айтып жүру керек деген осы", – деп жазды жанкүйерлері.

Еске салайық, Darkhan Juzz 33 жасында Таиландта жол апатынан қаза тапты. Кейін Алматыда жүздеген адам Арбатта жиналып, гүл мен шам ұстап, оның әндерін орындап, марқұмның рухына тағзым еткен болатын. Дарханның ең танымал туындыларының бірі – Erikpe әні. Қазіргі таңда бұл шығарманы әнші YENLIK кеңінен орындап жүр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *