Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығарып тастады

Жаңалықтар
view 106
news

Фото: ашық дереккөз

Белгілі америкалық The Ring журналы қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлемнің біріктірілген чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (17–0, 12 КО) өз рейтингінен алып тастады. Бұған дейін 32 жастағы қазақстандық боксшы дивизиондық тізімнің көшін бастап тұрған еді. Алайда допинг-тестің оң нәтижесіне байланысты ол үздіктер қатарынан толық шығарылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Діни түсініктегі уағыз айтып кетті»: журналист Жәнібек Әлімханұлын сынға алды

Кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады

Бұрын рейтингте бірінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің қолайсыз нәтижесінен кейін тізімнен алынып тасталды. Соның нәтижесінде қалған боксшылар бір сатыға көтерілді, ал Хесус Рамос-джуниор алғаш рет рейтингке еніп, 10-орынға жайғасты, — деп жазады The Ring.

Жаңартылған тізімге сәйкес, орта салмақтағы рейтингтің көшін WBC чемпионы, Доминикан Республикасы өкілі Карлос Адамес (24–1–1, 18 КО) бастады. Ал үздік үштікте кубалық боксшылар — Йоэнлис Эрнандес (8–0, 7 КО) және Эрисланди Лара (31–3–3, 19 КО) орналасқан.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулдарынан айырылуы мүмкін

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Ермахан Ибраимов күтпеген мәлімдеме жасады

Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда Әлімханұлы Ларамен орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуы тиіс болатын. Алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан мельдоний табылып, кездесу тоқтатылды. Кейін Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36–5, 34 КО) рингке шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлына қатысты ішкі тергеу жалғасып жатыр. Қайта ашылатын «B» сынамасы 8 қаңтарға жоспарланған. Тергеу нәтижесі шыққан соң, жағдайға құқықтық баға беріледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *