4 мыңға жуық үй су астында қалды

Жаңалықтар
view 1026
news

Фотосурет: Ашық дереккөзден

6 өңірде 4 мыңға жуық үй су астында қалды. Су тасқыны басталғалы бері 102 328 адам, оның ішінде 37 537 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілген, деп хабарлайды  janabastau.kz.  

"Уақытша орналасу пункттеріне 6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала орналасты. 10 120 адам үйлеріне оралды. 9,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 1,7 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 35 551 адам, 3 559 техника, 750 су сору құралы, 214 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды", – деді Ерасыл Сайпаш.

Оның атап өтуінше, осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 957 жеке тұрғын үй, 942 аула аумағы және 962 саяжай үйлері су астында қалған. 3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды.

«Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет етеді. ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады», – деді спикер.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *