Әскери қызметкер сүйіктісін тонап, өлтіріп кеткен
Фотосурет: Ашық дереккөзден
Ақмола облысының әскери қызметкері букмекерлік кеңселерге қарызын өтеу үшін сүйіктісін өлтіріп, тонап кеткен, деп хабарлайды janabastau.kz.
20 жастағы жігіт сүйіктісінің қомақты ақшасы бар екенін білген. Оның үйіне 200 мың теңге қарыз сұрап келген, бірақ ол бермеген. Содан кейін күдікті жәбірленушіге тап беріп, оны диванға жығып, жастықпен тұншықтыра бастаған. Бойжеткен есін жоғалтқаннан кейін оны су толтырылған ваннаға сүйреп апарып тастаған, қыз сол жерде көз жұмды.
Тергеу барысында ер адам қыздың алтын бұйымдарын, iPhone телефоны мен 180 мың теңгесі бар әмиянды, құжаттары мен банк картасын ұрлап, шотынан букмекерлік кеңсенің жеке шотына бірден аударым жасағаны анықталды.
Сот жігітті 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Пікірлер (0)