Бұл туралы Мәжілісте әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.
2023 жылы білім саласында өңірдегі әкімшіліктермен, Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп сыртқы талдау жүргіздік. Талдаудың нәтижелері БАҚ арқылы жеткізілді. Соңғы жылдары мұғалімдерге, осы салада (білім – ред.) істейтін қызметкерлерге Президенттің Жолдауда берген тапсырмасына сәйкес бөлінген қаражаттың ұрлануына қатысты білім саласында істейтін есепшілердің қылмыстары анықталды. Сол себепті есепшінің өз шешімімен мұғалімге, тіпті сол мекемеде істемейтін азаматқа қаражат бөлінген. Оны анықтадық. Осындай мәселеге бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмыстық істер тергеліп жатыр, - деп атап өтті Ахметжанов.
2,5 жыл бойы қылмыстық желі жұмыс істеді. Оның құрамына білім бөлімінің басшысы мен екі бухгалтері, сондай-ақ 13 мектеп бухгалтері кірді. Барлық рөлі бөлінді. Бухгалтер жалақы қорынан бюджет қаражатын ұрлағанда қаланың білім бөлімі басшысы пара алып, көз жұмып отырды. Ұсталған кезде білім бөлімінің басшысынан 1 млрд теңге тәркіленді. Тергеу аясында мемлекетке 4,4 млрд теңге шығын келтірілгені расталды, - деп мәлімет берді Антикор өкілі Мәжілісте.
Пікірлер (0)