Антикор Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеунікке қатысты пікір білдірді

Жаңалықтар
view 91
news

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов шымкенттік шенеуніктің әкімдік жиынында тұтқындалуы туралы пікір білдірді,  – деп хабарлайды janabastau.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Шымкент әкімі қатысып отырған жиын үстінен тараған көріністі қазақстандықтар қызу талқылап жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спектакльге айналып барады деп ойламайсыз ба?», –  деп сұрады журналист. Агенттік өкілі бұл оқиға ведомствода қаралғанын айтты.

«Аталған оқиғаны қарадық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүкіл жерде ашық жұмыс істеп келеді. Тергеу органдары жіберетін шақырудың кез келгені мақұлдау арқылы іске асады. Осы тұрғыдан алсақ, аумақтық органымыз бұл жағдайды жергілікті атқарушы органның басшысы – әкіммен бірлесіп мақұлданған. Бұл қала әкімінің бастамасы болса керек», –  деді Саян Ахметжанов.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Шымкент қаласының әкімі жиын үстінде қол астындағы шенеунікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне ұстатып жібергені туралы видео тараған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *