Жаңалықтар
view 37
news

Елордада 12-қабаттағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды janabastau.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Сағат 21:30-да Қайым Мұхамедханов көшесінде пәтер өртеніп жатыр деген хабар түсіп, елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар тиісті адреске келген кезде 12-қабаттағы пәтердің терезесінен сыртқа жалын көрініп, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы анықталуда. Сағат 21:51-де өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады" делінген хабарламада. Өртті сөндіруге Астана қаласының ТЖД жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *