Елордада үш көлік соқтығысып, салдарынан әйел адам қаза тапты
Жаңалықтар
74
Астанада Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды, – деп хабарлайды janabastau.kz.
Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты салдарынан бір әйел қаза тапты.– Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, – деп жазды қалалық Полиция департаменті.
Пікірлер (0)