Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста жолдар жабылды

Жаңалықтар
view 38
news

23 ақпан түнгі 01:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар 20 жолда қозғалысқа шектеу енгізілді, – деп хабарлайды janabastau.kz "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абай облысында – үш учаске, жалпы ұзындығы – 153 км. Ақмола облысында – бір учаске, жалпы ұзындығы – 28 км. Ақтөбе облысында жалпы ұзындығы 145 км болатын бір автожол. Шығыс Қазақстан облысында – барлығы 7 учаске, ұзындығы – 1238 км. Қостанай облысында жалпы ұзындығы 1141 шақырым болатын 5 автожол. Солтүстік Қазақстан облысында – екі жол, жалпы ұзындығы – 59 км. Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым бір автожол. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 316 техника мен 382 адам жұмыс істеп жүр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *