«95% халық орысша сөйлейді» – Елші Абаевтың даулы мәлімдемесі қоғамда сынға ұшырады

Жаңалықтар
view 111
news

Ашық дереккөзден

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында қазақстандықтардың шамамен 95%-ы орыс тілінде сөйлейтінін айтып, мұны елдің басты артықшылықтарының бірі деп атады. Бұл сөздер қоғамда қызу пікірталас тудырып жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Қазақстанда халықтың 95%-ы орыс тілінде сөйлейді деп ойлаймын. Бұл – біздің күшіміз. Әрине, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі, оның рөлі күн сайын артып келеді. Бірақ барлығымыздың орыс тілін білуіміз – тағы бір үлкен артықшылығымыз», – деді дипломат.

Абаевтың айтуынша, еліміздегі 7 мың мектептің шамамен 3 мыңы орыс тілінде білім береді. Сонымен бірге барлық оқу орындарында орыс тілі міндетті пән ретінде оқытылады.

«Орыс тілі біз үшін халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттыратын құрал», – деп түйіндеді ол.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде түрліше бағаланып, көпшілік оны мемлекеттік тілдің құндылығын төмендету деп қабылдады. Қазақ тілінің мәртебесі мен болашағы жайлы талқылаулар қайта өршіп, ел ішінде тіл саясатына байланысты сұрақтар қайтадан күн тәртібіне шықты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *