Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы Анкарада тойланады
Жаңалықтар
100
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай 15 ақпанда Анкара қаласында халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы ҚР-ның халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының ұйымдастыруымен өтетін шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Түркия елдерінен ғалымдар қатысады.
Жиында аталған ұйымның қолдауымен басылып шыққан Серікбай Оспанұлының «Ұлт ұстазы» кітабының тұсауы кесіліп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы деректі фильм қатысушылар назарына ұсынылады.
Іс-шара 16 ақпан күні Стамбұл қаласындағы «Стамбұл» университетінде жалғасады.
ҚР-ның халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар Түркия еліндегі қандастарды Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбегін дәріптеуге арналған жиынға қатысуға шақырды.
Айта кетейік, Алаш арысының мерейтойына арналған шара алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр.
Пікірлер (0)