АИ-92 жанармайы қымбаттап кетті: Энергетика министрлігі не дейді
Фото: РИА Новости
Энергетика министрлігі жанармай мен дизель отынына қатысты баға мораторийін бұзу фактілері, сондай-ақ кейбір жанармай құю стансаларындағы сұйытылған мұнай газының жетіспеушілігіне байланысты азаматтардың шағымдарын тіркеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Министрлік не дейді
Министрлік мәліметінше, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және аймақтық штабтармен бірлесіп, жанармай бағасын алыпсатарлық жолмен көтеруге немесе жасанды тапшылық туғызуға бағытталған кез келген әрекеттердің жолын кеседі.
Министрлік өңірлердің сұранысына сәйкес барлық қажетті жанармай көлемі тиісті түрде жөнелтіліп, мұнай базаларында сақталып тұрғанын атап өтеді. Тапшылық туындауына ешқандай объективті себеп жоқ.
Логистика қиындығынан
Сұйытылған мұнай газына келсек, өндіруші зауыттардың біріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары министрлік тарапынан алдын ала ескеріліп, жоғары сұранысы бар өңірлерге қосымша көлем бөлу және жеткізу кестесін түзету шаралары қабылданған.
Сондықтан кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер мен үзілістер – жүйелі тапшылықтың емес, жергілікті логистика мен бөліністің қиындығынан туындап отыр, – делінген хабарламада.
Энергетика министрлігі азаматтарды АИ-92 бағасын негізсіз көтеру немесе отынның жоқтығы туралы хабарлауға шақырды.
Пікірлер (0)